Оқушылармен өткізілген тренинг

Мұғалімдер психологиялық тренингте

Ата-аналарға психологиялық кеңес
. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңыз.
. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Психологтың ҰБТ алдында дайындау жөнінде ата – аналарға ұсынылатын кеңестер
Балаларыңызға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
• ҰБТ алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
•үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
•балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
•балаңызды ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
•тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, ҰБТ-ге барар алдында оған сағатты беріңіз;
•балаңызды мадақтап, оның өз - өзіне деген сенімін жоғарлатыңыз;
•балаңыздың дайындалуының күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
•балаңыздың ішетін тағамдарына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;
•ҰБТ алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар,өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
•ҰБТ кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз;
•есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.


