
«Мәртебелі поэзия!..» педагогикалық жобасының
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӨЛҚҰЖАТЫ
№Құрылысы
Жоба мазмұны
Жоба тақырыбы
Жоба мақсаты
«Мәртебелі поэзия!..»
Сабақта және сабақтан тыс уақыттарда 5-11 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары арқылы ақындық өнерге бейімділігін қалыптастыру.
Жоба арналған
Жоба қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған.
Жоба жетекшісі
Бұланбаев Дәуренбек Дәнекеевич
Жоба қатысушылары
Жобаның белсенді қатысушылары:
- Мұғалім – жобаға қатысушылардың өзара іс-әрекеттерін үйлестіру қызметін атқарады, таңдау курстары бойынша сабақтар, үйірмелер өткізеді, оқушылардың ізденушілік-шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастырады, оқушы, мұғалім, сынып жетекшілеріне ақыл-кеңес береді, жоба қатысушыларының қызығушылықтарына қарай алдағы іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- Үйренушілер – сабақта және үйірме сабақтарында ізденушілік және шығармашылық іс-әрекеттерге белсене араласады.
Үйренушілердің жас мөлшері
5-11 сынып оқушылары
Жоба үлгісінің ерекшелігі
Сипатына қарай жасалатын өнім – әдеби-шығармашылық;
Қатысушылар санына қарай – топтық, жеке-дара;
Ұзақтығына қарай – ұзақ мерзімді;
Мазмұнына қарай – үйренушілер мен олардың қызығушылықтары;
Білім алу саласына – әдеби;
Үйлестіру сипатына қарай – ашық үйлестіру;
Байланысу деңгейіне қарай – білім беру мекемесі деңгейінде.
Жоба мақсаты
5-11 сынып оқушыларының сабақта және сабақтан тыс уақыттарда шығармашылық жұмыстары арқылы поэзияға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру жұмысының жүйесін құру.
Жоба міндеттері
- Әдебиет пәнін оқытудың өзіндік әдістемесін жетілдіру, кәсіби бағдар бойынша тереңдете оқыту.
- 5-11 сыныптарда әдебиет теориясынан тың мәліметтер беру.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыс бағдарламасын жасау, оны таңдау курсының сыныптан тыс іс-әрекетіне енгізу.
Жоба ресурстары
Ақпараттық (ғаламтор желісі, оқу-анықтамалық әдебиеттер).
Материалдық (дербес компьютер, әдеби терминдер сөздігі, мультимедиялық кешен).
Әдістемелік (әдебиет пәні мұғалімі)
Адами (үйренушілер, ата-аналар, педагогтар).
Жобаның күтілетін нәтижесі
- Педагог қызметінің өнімі:
- Әдебиет сабағының әдістемелік әзірлемелері;
- Таңдау курстары сабақтарының әдістемелік әзірлемелері;
- Үйренушілер қызметінің өнімдері:
- Жазылған шығармашылық жұмыстар.
- Басқа қатысушылар қызметінің өнімі:
- 5-11 сынып оқушыларының өлең-өнердің құпиясына бойлай алуы, өлең техникасын меңгеруі.
Қалалық «Мәртебелі поэзия!.. » атты әдеби-шығармашылық жобаны іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың жоспары
Жобаға енгізілген мектептер: қазақ мектептері
Мақсаты :5-11сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, поэзияға деген қызығушылығын дамыту, ұлтжандылыққа шақыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың шығармашылығын дамытуға байланысты тиімді әдіс – тәсілдерді ұйымдастыру
- Әдеби-теориялық таным деңгейін арттыру
- Өлең, оның көркемдік ерекшелігін саралай білуге бағыттау
- Оқушыларға өлең-өнердің қасиетін сезіндіре білу
Күтілетін нәтиже:
- оқушының сөздік қоры артады
- оқушылар үздіксіз ізденеді
- өлең-өнердің тылсымына бойлайды
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады
- қазақ ақындарының шығармаларымен жақынырақ танысады
- оқыған шығармалардан тәрбие алады
- поэзияға деген жауапкершілігі артады
- шығармашылықпен жүйелі түрде айналысады
- көркем әдебиет оқуға бейімделеді
-сөз құдіретін тереңірек түсінеді
- оқушылар бір-бірімен шығармашылық байланыста болады.
1.5-11 сынып оқушыларымен жобаны ұйымдастыру жұмыстары
№
Сабақ барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстар
Оқушылар саны
Уақыты
Жауаптылар
1
Мектепішілік мүшәйралар өткізу, дарынды оқушыларды таңдап алу
Әр сыныптан 2-4 оқушы көлемінде
Қыркүйек-қазан айларында
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
2
Оқушыларға әдебиет теориясынан дәріс оқу, өлең жазуға бағыттау, үнемі қадағалау жасау
Әр сыныптан 2-4 оқушы көлемінде
Қараша-мамыр
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
3
«Ай ақыны» атты әдеби кеш ұйымдастырып, ай сайын үздік өлең жазған оқушыларға өлеңдерін оқыту, оларды үнемі марапаттап отыру
5-6 оқушы
Қараша-мамыр
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
4
Үздік өлеңдерді аймақтық баспасөз беттеріне жариялап отыру
5-6 оқушы
Қаңтар-мамыр
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
- Cыныптан тыс жұмыстар
№ п/п
Іс-шаралар тақырыбы
Оқушылар саны
Жауаптылар
Қорытынды
1
Оқушылардың мектеп, қала кітапханаларынан жүйелі түрде әдеби кітаптар алып оқуына мүмкіндік жасау
Ерікті түрде
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын қалыптастыру / әзірлеме/
2
Қалалық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» сайысына дайындық жұмыстары (өз шығармашылығы бойынша)
5-6 оқушы
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Қалалық деңгейдегі өтетін іс-шараларға деген оқушы белсенділігін арттыру
3
«Мен ғашық әлем». Жас ақындардың сырласу кешін ұйымдастыру
Ерікті түрде
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың «құпиясына» бойлау, тиісті жағдайда дұрыс бағыт беру
4
«Өлең, мен сені аялап өтем...» Қазақ ақындарының шығармаларынан үзінді оқу сайысы
12
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың сөйлеу мәнерін, сахна мәдениетін қалыптастыру
5
Қаламыздағы белгілі ақындармен кездесулер ұйымдастыру
Ерікті түрде
Қазақ мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Оқушылардың ақындық өнерге деген қызығушылығын арттыру
- Қалалық, мектепішілік семинарлар
№
Тақырыбы
Уақыты
Жауаптылар
Қорытынды
1
«Өлең-өнердің құпиясы»
желтоқсан
№3 мектеп
Ұсыным
2
«Жас ақынға жол ашқын!» /жалпы қалалық семинар, №1мектеп - гимназияда/
ақпан
№1 мектеп – гимназия, №4 мектеп – лицей , №3, №19, №27 орта мектептер
Ұсыным
3
«Мәртебелі поэзия!..» мүшәйрасы
мамыр
С.Сейфуллин гимн.
Ұсыным
- Өткізілген іс-шаралар мониторингісі
Өткізілген ісшаралар
№4мектеп-лицей
№1 мектеп –гимназия
№3 орта мектеп
№27 орта мектеп
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Ісшараның атауы
Қатысқан оқушы саны
Cыныптан тыс жұмыстар
Қалалық семинарлар
Қорытынды


