Қаржы әлеміне аттанайық
22-27 ақпан аралығында мектебімізде «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығы бастау алады.
Бұл функционалдық сауаттылық апталығының мақсаты: Оқушылардың қаржылық сауаттылығы мен кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту арқылы жеке қаржыны тиімді басқарудың қаржылық мәдиниеті мен дағдыларын қалыптастыру.
Апталық барысында сынып сағаттары, облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы, «Бизнес START» олимпиадасы, стартап жобаларының байқаулары, «Менің отбасымның бюджеті» атты эссе байқауы, жоғарғы оқу орындарына, қаржы мекемелеріне саяхаттар, кәсіпкерлермен кездесулер, бизнес туралы фильмдер көру, танымдық, іскерлік және квест ойындары, суреттер көрмесі, конференциялар өткізілетін болады.
Барлық педагогтер мен оқушыларды, ата-аналарды, әлеуметтік серіктестерді, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қаржылық сауаттылық апталығының өткізілуіне белсене қатысуға шақырамыз.




