Created: 25 Ақпан 2021
85

Қаржылық әлеміне аттанайық 3-күн

Қаржылық әлеміне аттанайық ІІІ-күн “Өзін-өзі басқару” ұйымы мүшелерімен және 9,,Ә" сынып оқушыларымен ,,Қаржылық жоспарлау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Сәтбаев қаласының жеке кәсіпкері "Ұлытау Молл" сауда орталығының шағын бизнес кәсіпкері Сакаева Айсұлу Ерікпайқызымен кездесу ұйымдастырылды. Қаржыны дұрыс жоспарлау мен кіріс шығысты үнемі есептеп отыру арқылы табысқа жетуге болатыны, қаржылық сауаттылықтың маңызы туралы ой бөлісті. «Өнегелі өмір» жобасы, «Қаржылық сауттылық»апталығы аясында кәсіпкер, музыкант, қазақтың ұмыт болған музыкалық аспаптарын қайта жаңғыртып жүрген шебер Бақия Азамат Бейсенәліұлымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында құрметті қонақ оқушыларға шеберханаға онлайн экскурсия жасатты, ұлттық аспаптар сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы аспаптарында шығармалар ойнады. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Қазақы нақыштағы, ұлттық өнер дәріптелген керемет кездесу болып өтті.