1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Мерекеге орай 1-11 сынып аралығында «1 наурыз- алғыс айту күні» тәрбие сағаттары болып өтті. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Алғыс айту парыызым» деп аталатын видеороликтер түсіріп өз алғыстарын білдірді.






