Created: 01 Наурыз 2021
34

2021 жылдың 26 ақпанында «Болашақ» академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған облыстық олимпиада өтті

2021 жылдың 26 ақпанында «Болашақ» академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған облыстық олимпиада өтті. I, II және III орындарға ие болған жеңімпаздар ректордың бір жылдық оқу грантымен сертификаттармен марапатталады
Аталған олимпиадаға мектебіміздің 11 сынып оқушылары Аманкелді Нұрзада және Ғалымова Сәнім қатысып, Ғалымова Сәнім химия пәнінен жүлделі ІІ орынға ие болды, пән мұғалімі Нурлыбаева А.С.Жеңімпаз оқушымыз Университет ректорының бір жылдық оқу гранты сертификатымен марапатталды.
Сонымен қатар"Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды «Болашақ» академиясы «Шетел тілдері және мәдениетаралық байланыс» кафедрасы ‘Speak your mind’ аудио шығармалар байқауын ұйымдастырды. Байқауға мектебіміздің 11 сынып оқушысы Оразалина Қаламқас қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды, пән мұғалімі Аубаева М.М.
Біз барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғысымызды білдіреміз! Тілдерді үйреніп, өз таланттарыңызды ашып, идеяларды өмірге әкеліңіз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!