2021 жылдың 3 наурызында оқу сауаттылығы апталағының аясында 9-10 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аубаева М.М. ұйымдастыруымен қазақтың дара ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «READx» жобасы бойынша танымдық іс-шарасы өткізілді. «READx» жобасы – бұл кітап оқуға деген қызығушылықты шабыттандыра отыра, оқушылардың оқу сауаттылығын дамытып, оқушылардың оқыған шығармасы бойынша өз ой –пікірін тиянақты жеткізіп, көпшілік алдында сөйлеуі. Бұл іс-шараның мақсаты — студенттерді ұлы ақын және ойшыл Абайдың шығармашылығымен және өмірбаянымен таныстыру. Оқушыларды ұлы Абай идеяларын насихаттай отырып, дана Абай шығармашылығымен таныстыру. Абай туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, оны ата-бабалар мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге үйрену. Іс-шара барысында оқушылар ағылшын тіліне аударылған Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін, нақыл сөздерін талқылап, ой – пікірлерімен өзара бөлісіп, кітап оқуға деген қызығушылықтары одан әрі дамуына жол ашты. Абайдың, 9 сынып оқушы Хамитов Диас «The apples of my eyes» яғни «Көзімнің қарасы» өлеңдерін әуенге салып, оқушыларға ағылшынша нұсқада тамаша шеберлікпен орындап берді. «Абай — қазақ халқының өмір жолының көрінісі.









