Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Ж. Курманова 11 сынып оқушылары арасында "О, счастливчик"атты зияткерлік-танымдық ойын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты балалардың шығармашылық ойлауын жандандыру, олардың зияткерлік әлеуетін арттыру, оқырмандық сауаттылықты дамыту болды. Ойын жоғары деңгейде өтті, балалар көркем әдебиет шығармаларының мазмұны туралы тамаша білімдерін көрсетті. Финалистер " О, счастливчик "ойынының жеңімпазының грамоталарымен марапатталды.









