Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Султангалиева Перизат Нурболатовна 7 «А», «В» сынып оқушыларымен «Different book types and genre» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ 3 бөлімнен тұрды.1.Кітаптың түрлері мен жанрлары туралы ақпарат берілді, оқушылар кітаптардың жанрларын тауып, тапсырма орындады. 2. Перизат Нурболатовна өзінің жеке үй кітапханасымен оқушыларды таныстырып, арнайы дайындалған видеоролик көрсетті. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып шағын эссе жазды. 3. Гарри Поттер кітабы және фильмі жайлы сұрақтар қойылды. Гарри Поттер фильмі түсірілген кітапханаға виртуалды саяхат жасалды.Оқушылар кітап жайлы көптеген мәліметтер алды.Кітап оқудың адам өміріндегі пайдасын түсінді







