2021 жылдың 5 наурызында оқу сауаттылығы апталығының аясында 8 «А» сыныбымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Пазылова А.С. ұйымдастыруымен «Book trailer of English writers» тақырыбында іс-шара өткізілді. Буктрейлердің негізгі мақсаты- оқушылардың ағылшын тіліндегі туындыларға қызығушылығын оятып, шығарма желісі арқылы кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу. Оқушылар ағылшын жазушыларының D.Defoe-«Robinsin Crusoe», J.K.Rowling- «Harry Potter», R.Dahl- «Charlie and the Chocolate factory» шығармаларын таңдап алды. Іс-шара барысында оқыған шығармалары туралы мәліметтер айтып, бір-бірімен пікірталас жүргізді. Оқушылар белгілі ағылшын жазушыларының шығармаларының желісімен түсірілген фильмдерді көргендері туралы айтып, шығарма мен фильмнің арасындағы айырмашылықтарын ажырата білді.








