Created: 16 Наурыз 2021
42

Наурыз шуағы

«Наурыз шуағы» мейрамының кезекті күні «Шежіре күні» деп аталады. Шежіре күні мектебімііздің 3- сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушылар, ата-әжелер «Наурыз бата беру» тақырыбында видеороликтер әзірледі.
Бата - адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сондай-ақ бата - қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Қасиетті дінімізде Жаратушыдан дұға арқылы медет тілесе, дәстүрімізде бата арқылы жақсы ниет, ықылас білдіріледі, тілек айтылады. Оны көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар береді.