Мектебімізде 13 қазан 5-7 сыныптар арасында «Күз ханшайымы-2021» сайысы өтті. Көрермендер қатарынан мектеп ұстаздары мен оқушылары болды. Сайысқа қатысушыларға демеу білдірген жанкүйерлер қатары аз болған жоқ. Сайыс 4 кезеңнен болды.
1-кезең «Таныстыру»
2-кезең «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету),
3-кезең «Әсем біздің арулар» (сән үлгісін көрсету),
4-кезең «Шебердің қолы алтын» (таныстыру, қол өнер, өз ойы мен идеясына байланысты) шарттардан тұрды. Таныстыру кезеңінде үміткерлер мәнерлеп оқу шеберлігін көрсете білді. Бірі сахналандырылған көрініс көрсетсе, бірі өз шығармаларын орындады. Оқушыларға ерекше ұнағаны-өнер сайысы. Әр қатысышы арулар өз өнерлерін көрсете білді. Осы бір табиғат мезгілдерінің бірі-күз мезгілінің көрінісін айқындайтын сайыс, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, келесі күзге дейін жүректерінде есте қаларлықтай жылулық бере білді. Сайысқа қатысқан жеңімпаздар
Бас Жүлде, 1,2,3 орындармен және номинациялармен марапатталды. Сайыс өз дәрежесінде тартымды да, жігерлі өткендігі анық .Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді де қалыптастыратыны сөзсіз.
https://satp-schlyceum19.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/246-mektebimizde-13-azan-5-7-synyptar-arasynda-k-z-khanshajymy-2021-sajysy-tti#sigFreeIde016c8cf50



