14.10. 8-9-10-11 сыныптар аралығында,
«Күзгі бал-2021 » мерекелік кеші өтті. Мерекелік кештің негізгі мақсаты-оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етіп, жанына жақын ермек істі таңдай білуге шақыру. Бос уақытта пайдалы іспен айналысу олардың жеке қабілетінің ашылуы мен шыңдалуына жағдай жасайтынына кепілдік беру. Сонымен қатар өткізіліп жатқан «Күзгі бал-2021 » сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету. Мерекелік кеш 2 кезеңнен тұрады.
1 кезең «Күзгі фуршет»
2 кезең «Күзгі вальс»
1 кезең бойынша әр сынып жемістерден күз мезгіліне үйлестіріп фуршет жасаса , 2 кезең бойынша әр сынып дәстүрлі “Күзгі вальс” биін орындап шықты. Барлық сыныптар өз алдында ерекше орындаулар көрсете білді.
Әділ қазылар алқасы оқушылардың өздерін көпшілік алдында ұстай білуін, мәдениеттілігін , сынып бойынша барлығының эстетикалық талғамға, мерекелік кешке орай үйлесімді киінуін, безендірулерін, сайыс кезінде уақыт регламентінің сақталуын, берілген тапсырмаларды әдемі, толық, таза орындап шығуын назарға алды.«Күзгі балл-2021 » мерекелік кешінің жеңімпаздарын БАС ЖҮЛДЕ “Күз Ханшайымы мен Ханзадасы” , І, ІІ, ІІІ орындармен және «Ең үздік күзгі фуршет», «Ең үздік күзгі вальс»,жүлделерімен марапатталды. Мектепішілік
«Күзгі бал-2021» мерекелік кеші өте жоғары деңгейде өтті.
https://satp-schlyceum19.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/247-8-9-10-11-synyptar-araly-ynda-k-zgi-bal-2021-merekelik-keshi-tti#sigFreeId9f7b38d11c



