Created: 01 Қараша 2021
37

Мектебімізде 8-11 сыныптың қыз балалар арасында “Қызғалдақ қыз балалар клубы”

Мектебімізде 8-11 сыныптың қыз балалар арасында “Қызғалдақ қыз балалар клубы” жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты:Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге тән белгілі бір сезімдерді бастан кешіруіне жағдай жасауға байланысты ұйымдастырылуда. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйрету ескеріледі.