Ұлт ұстазы, көрнекті ғалым, ағартушы, этнограф, дала кемеңгері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы республика көлемінде аталып өтуде. Осы орайда қазан айының 25-сі мен 29-ы аралығында мектебімізде аталған мерейтойға орай іс-шаралар өткізіліп жатыр.Бұл іс-шараның мақсаты: Ы. Алтынсариннің өнегелі өмірі мен шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушыларға әңгімелері мен ертегілері арқылы еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілік пен жақсылыққа, кеңпейіл болуға тәрбиелеу. 1-11 сыныптар арасында “Ұлы дала ұстазы” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, 7 сыныптар арасында Ы.Алтынсарин ертегілерінен сурет байқауы өткізілді. Барлық оқушылао қызыға қатысып, өздеріне көп мәлімет ала білді.
Ы. Алтынсарин айтқандай: "Өнер, білім бәрі де-оқуменен табылған.Өскелең ұрпақты білімге, оқуға құштар болуға жетелеу.
https://satp-schlyceum19.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/257-ybyraj-altynsarinni-180-zhyldy-merejtojy#sigFreeIdf1048bdc82



