Зияткерлік сайысты өткізудің мақсаты: Оқушыларға Ы. Алтынсариннің өнегелі өмірін, шығармашылық шыңын, педагогикалық іскерлігін дәріптеу. Әнгімелері мен ертегілері арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Аталған сайысқа 3топ қатысып, оларға ойын шарты түсіндірілді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды:1кезең. "Кім жылдам?" (сұрақтарға жауап беру)2 кезең. "Ойлан тап" (жасырын ұяшықтағы тапсырмаларды орындау)3кезең. "Сөзтапқыш" (Ертегілерден үзінді беріледі, сол үзіндінің суреті мен атауын табу керек)4кезең. "Кім тапқыр?" (Ы. Алтынсариннің өлеңдерінен үзінді беріледі, өлеңнің тақырыбын анықтап,өлеңнің жалғасын айту керек)Сайысқа оқушылар белсене қатысып, білімдерін ортаға салып, қызығушылықтарын танытты.
{gallery} new-3{/gallery}



