Created: 02 Қараша 2021
63

Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Даланың дара ұстазы » атты сынып сағаты 8«Б» сыныбында өтті

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, дала кемеңгері—Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Даланың дара ұстазы

» атты сынып сағаты 8«Б» сыныбында өтті. Сынып сағатының өткізу мақсаты алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен таныстыру. Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының 1-ші бөлімі Ыбырай-алғашқы халық мұғалімі. 2-ші бөлім Ыбырай -ғалым, этнограф. 3-ші бөлім Ыбырай -ақын. 4-ші бөлім Ыбырай-жазушы. 5-ші бөлім Сандағы сан сауал деген бөлімдерге бөлініп өткізілді. Әр бөлім де оқушылар көріністер арқылы өз шеберліктерімен көркемдеп өз ойларын ортаға салды. Сынып сағатына оқушылар белсене қатысып қызығушылықтарын таныта білді.