Created: 02 Қараша 2021
49

«Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған...» тақырыбында мектеп мұғалімдерінің арасында коучинг болып өтті

«№ 19 мектеп-лицейі»КММ Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Кел,балалар,оқылық!» апталығының жоспарына сәйкес 30.10.2021 жылы «Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған...» тақырыбында мектеп мұғалімдерінің арасында коучинг болып өтті.

Мақсаты: Ұлы ағартушы, педагог, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, ұстаздардың шығармашылығын шыңдау, білім ,білік дағдыларын дамыту, тәрбиелік мәні мен құндылығын анықтау.Коучингке 4 топ қатысты. Әр кезең тапсырмалары функционалдық сауаттылық негізінде басшылыққа ала отырып құрылды. Әр топ қатысушысы өздерінің құнды пікірлері мен креативті ойларымен берілген тапсырмаларды түрлендіріп орындады. Коучингті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Л. К. Аширбекова, І. М. Жаңабергенова,Балтабаева Султоной Нышанбаевна өткізді.