Мектебімізде “Қызғалдақ“ қыз балалар клубының жоспарына сәйкес , қараша айының 1 жұлдызында 5-7 сыныптар арасында “Бұрымды қыз” байқауы өткізілді.
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең “Таныстыру”
2 кезең “” Шаш өрімі”
3 кезең “ Шаш үлгісін таныстыру” . Сайысқа қатысушы арулар арнайы берілген уақыт ішінде әр түрлі шаш үлгілерін жасады.Екінші кезеңде қатысушылардың бұрымдарына жақындары немесе достары 15-минут ішінде әр түрлі сән үлгісін жасауы тиіс болды. Қатысушылар әр түрлі заманауи үлгідегі бұрымдар өріп, сән үлгілерін, не себепті бұл үлгілерді таңдағандықтарын түсіндірді. Сайыстың қорытындысы бойынша қатысушы арулар жүлделі орындармен марапатталды.
https://satp-schlyceum19.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/264-5-7-synyptar-arasynda-b-rymdy-yz-baj-auy-tkizildi#sigFreeIdb216eeed0d



