Created: 02 Қараша 2021
46

Адал Ұрпақ “ еріктілер клубы бойынша 9-11 сыныптар арасында “Біз жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында эссе сайысы өткізілді

Мектебімізде “Адал Ұрпақ “ еріктілер клубы бойынша 9-11 сыныптар арасында “Біз жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында эссе сайысы өткізілді.

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Сайыс барысында оқушыларымыз өз ойларын айқын әрі нақты жеткізе білді. Нәтижесінде оқушылар белсене қатысып арнайы жүлделі орындармен марапатталды