19.05.2022 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының “Жетістік формуласы” бағдарламасы аясында Сәтбаев қаласының «№19 мектеп-лицейі» КММ-нің ұйымдастыруымен Ұлытау ауданының №11 Қоскөл мектебімен әдіс алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты: жетекші мектеп ретінде мұғалімдерге кәсіби әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, ой бөлісу , ынтымақтастықта жұмыс жүргізуді жоспарлау. Директордың оқу ісі бойынша директор орынбасары Б.Н.Жумабаева «Ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру» тақырыбында сабақта қолданатын ойын әдістері және сандық ресурстардың сабақта қолдану тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, Lesson Study жұмыстарын жүргізу бойынша мектеп тренері М.М.Аубаева «Сабақты зерттеудің кезеңдерінің сапасын арттыру» тақырыбында атқарылған жұмыстарды көрсетіп, Қоскөл мектебінің ұжымымен Lesson Study-дің түйінді идеяларымен және тиімділігімен бөлісті. Семинар барысында сұрақтар қойылып, ой-пікірлер айтылды және жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді. Алдағы уақытта серіктес мектебімізбен жоспарлы жұмыс жалғасын табады.
https://satp-schlyceum19.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/298-zhetistik-formulasy#sigFreeIdc5a45981f4


