Created: 19 Ақпан 2021
38

Бүгін, қараша айының 28 жұлдызында «Өнегелі өмір» жобасы аясында мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары «Жыл оқырманы-2017» номинациясының жеңімпазы Арыстанбеков Түсібия ағамен кездесті

Бүгін, қараша айының 28 жұлдызында «Өнегелі өмір» жобасы аясында мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тумасы, ақын, «Өмір ағыны» кітабының авторы және Сәтбаев қалалық кітапханасының «Жыл оқырманы-2017» номинациясының жеңімпазы Арыстанбеков Түсібия ағамен кездесті.

Кездесу барысында оқушылар Түсібия ағаға өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Түсібия аға әр сұраққа өлеңдетіп, тәрбиелік мәнмен жауап берді. Еңбек, ерлік, білім, өлең, кітап жайлы өте құнды
ақпараттар берді. Түсібия ағаның оқушыларға үлгі етерлік қасиеттерінің бірі кітапты өте көп оқитындығы.

Кездесу соңында Түсібия аға оқушыларға бата –тілегін айтып қорытындылады. Оқушылар да өз алғыстарын білдірді.