Created: 19 Ақпан 2021
38

«Ұлытау Ұлағаты» тарихи-танымдық залының жоспарына сәйкес қараша айында «Ұлт ұясы-Ұлытау» атты Ұлытау туралы өлең шығару байқауы болып өтті.

Мақсаты өңірімізге киелі мекен Ұлытау жайлы оқушылардың білімін арттыру, мәдени шығармашылық қабілеттерін дамыту, Отанын сүюге, тарихын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Ісшараға 9-10-11
сыныптардың өлең сүйер, поэзияға жаны жақын білім алушылар қатысты.

«Ұлытау аймағы аспан астындағы алып мұражай» атағын алған, талай ақындардың қаламына қуат болған ұлы жерге жүрекжарды жыр жолдаған оқушылар талабы қуандырды.

10 А сынып оқушылары Әбдіғапар Жанерке, Сейтова Гүлдариға, 9 Ә сынып оқушысы Аяшова Индира, Ордабаева Жаңыл, 9Б сынып оқушысы Игімуратова Жасмина, 9 А сынып Агияева Жасминдер тарихи мекен
Ұлытауға өз жырларынан шашу шашты.

Нәтижесінде 1 орынды 10 А сынып оқушысы Әбдіғапар Жанерке, 2-орынды Сейтова Гүлдариға, 3-орынды 9 Ә сынып Аяшова Индира иеленді. Жас ақындардың талабына нұр жаусын демекпіз!!!

Жауапты

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ондыбаева А.К.