Желтоқсан айының 4 жұлдызында «Қауіпсіз интернет және экстремизм», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен зум платформасы арқылы түсіндіру жұмысы жүргізілді. «Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ директорының орынбасары Жагипаров Еркебулан Муратович қауіпсіз интернет және экстремизм тақырыбында оқушыларға ақпарат берді. Интернет желісінде ақпараттарды сақтықпен қолдану , діни сұрақтарды арнайы заңды мекемелерден сұрау қажеттігі жайлы түсіндірді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мектеп инспекторы Мукашев Мерей Мерекеевич :
-Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау
- Қала тазалығын сақтау
-Кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрмеу
-Сабаққа уақытылы қатысу қажеттігі жайында айтты.




