"Біздің айналамыздағы математематика" математика сауаттылығы апталығында Татаева Қ.Е 6-7 сыныптар арасында " Сандар қайдан шыққан" фильм көрсетті.Оқушылар фильмді қызығушылықпен тамашалап,
сандардың шығу тарихы туралы мәліметтер алып, өзара пікір алмасты.Математика туралы фильмдер "Пи" ", Х+У" , "Профессордың сүйікті теңдеуі" оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылық деңгейін
жандандыратын маңызды фильмдер болып табылады.
Сонымен қатар "Өнегелі өмір" жобасы аясында табысқа жеткен қызметкермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Республикалық QAZBILIM орталығының ,Ақмола облысы Дарынды балаларға арналған N2
мектеп-интернатының педагог-шебер математика пән мұғалімі Төрехан Руслан Болатұлымен 10-11 сынып оқушыларымен өтті. Кездесу барысында Руслан Болатұлы оқушылармен сұхбаттасып, пайдалы
ақпараттармен алмасты.




