Сәтбаев қаласы
«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Менің құқық мекемесіндегі бір күнім» мектепішілік акция аясында қалалық полиция бөлімінде құқықтық сауаттылықты арттыруға және кәсіби бағдар беру жайында кездесу өткізілді.
Акцияның мақсаты –жастар арасындағы құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ түлеп ұшқалы отырған бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру.Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Сәтбаев қаласының полици бөлімшесінде ПБ-ның ЖПҚБ ЮП тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Г. Ш. Жалмурзиновамен 9-11 сыныптар арасында құқық саласын таңдап отырған оқушылар кездесуге барды. Полиция мекемесін аралап көріп жұмыс ретімен танысты. Полиция подполковнигі Г. Ш. Жалмурзинова оқушыларға құқық қорғау қызметінің қиындығы мен қызығына тоқталып, бұл қызметтің өте жауапты, маңызды мамандық екенін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде еңбектерінің зор екенін айтты .Оқушылар пікір алысып, көкейкесті сұрақтарын қойып кәсіби бағыт-бағдар алып қайтты.




