Created: 19 Ақпан 2021
92

КММ-де 9-11 сыныптарға кәсіби бағыт бағдар беру бойынша өткен «Кәсіп туралы не оқуға болады?» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды

Сәтбаев қаласы

«№19 ЖОББМ» КММ-де 9-11 сыныптарға кәсіби бағыт бағдар беру бойынша өткен «Кәсіп туралы не оқуға болады?» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.

Мектебіміздің кітапханашысы жоғары сынып оқушыларымен мамандықтарға байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды.

 Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптасытру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа кәсіби бағыт беру.  Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» - деген сөзін басшылыққа алу керектігі жайлы оқушыларға ескертілді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.