Created: 19 Мамыр 2021
60

Жоспарға сай 5-8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» атты тәрбие сағаты өтті

Сәтбаев қаласы  «№ 19 мектеп-лицейі» КММ   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасыты қалыптастыру мақсатында   «Адал   ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп,  жұмыстар жасалды.  Клуб мүшелері   мектебіміздің  10-11-сынып  оқушыларынан  құрылған.

Қыркүйек айының  басында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. .  Іс-шаралар жоспар бойынша өз деңгейінде өтуде.

 

Қыркүйек айында-«Адалдық» бұрышы мектептің кіреберіс дәлізіне орналасқан. Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарауға, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу. Жоспарға сай  5-8 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» атты тәрбие сағаты өтті.

 

Мақсаты: Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.